|
АЭА құрылу негізі |
«Ақтау теңіз порты» АЭА Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №853 Жарлығы негізінде құрылған. АЭА-ның одан әрі қызметі мен дамуы Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар саласындағы заңнамасына сәйкес, белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып жүзеге асырылады. |
|
АЭА мақсаты |
- Экспортқа бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау және отандық және шетелдік инвестицияларды тарту; - Облыс экономикасында импортты алмастыруға бағытталған заманауи өндірістер мен инновациялық технологияларды жедел дамыту; - Жаңа жұмыс орындарын құру және жергілікті жұмыс күшінің біліктілігін арттыру. |
|
АЭА аумағы |
«Ақтау теңіз порты» АЭА-ның жалпы аумағы 10 000 гектардан асады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгертілуі мүмкін. Бекітілген Бас жоспарға сәйкес, АЭА аумағы порттық, өнеркәсіптік және логистикалық аймақтарды, сондай-ақ АЭА құрамына кіретін жеке жер учаскелерін қамтитын 17 субзонадан тұрады. |
|
Басқарушы компания |
«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ |
|
АЭА қызмет ету мерзімі |
2003 - 2052 жж. |







